Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында автобус аударылып 9 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында болған жол апатынан Өзбекстанның 9 азаматы қаза тапты. Тағы 43 адам зардап шекті.

2031748

Фото: Андрей Стенин

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жол апаты бейсенбі 10 сағат 20 минутта (Астана уақыты бойынша 11.20) Самара-Шымкент тас жолында Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде болған.

“Mercedes маркілі екі қабаттық жолаушылар автобусы аударылып қалды. Автобуста 52 адам болды, оның 50-і Өзбекстан азаматы және екеуі қазақстандық. Автобус Волгоград-Шымкент бағыты бойынша қатынайды”, — деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның мәліметі бойынша, 9 адам (Өзбекстан азаматтары) қаза тапты, 18 адам (Өзбекстанның 17 азаматы мен 1 Қазақстан азаматы) аурухана жеткізілген. Апат орнында 25 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда тапа-тал түсте жаппай жол апаты болды (фото, видео)

Қарағанды облысында апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті

Жантүршігерлік қылмыс: Көкшетаулық судьяның өліміне қатысты қылмыстық істе жаңа деректер пайда болды

Әскери қызметкер әйелін бас сүйегі шытынағанша тепкіледі (фото)

Талқылау