Ақтөбе облысында ауыл әкімдеріне қызметтік көлікті айдауына тыйым салынды

Сенбі, 26 Наурыз , 2016 9:04

Ақтөбе облысындағы Темір ауданының басшысы ауыл әкімдерінің қызметтік көлікті өздері айдауына тыйым салды. Бауыржан Қаниевтің мұндай шешім қабылдауына қарамағындағы лауазымды қызметкерінің адам қағып өлтіруі себеп болған деп хабарлады КТК телеарнасы.

Безымянный

Сурет rus.azattyq.org

“Енді машина айдауға шопыр бар. Жұмыс уақытында бәріне шопырсыз жүрмеңдер деп айттық. Қате болды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Оны заң бойынша уақытша жұмыстан босаттым”, – дейді Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев.

Кеңқияқ ауылының әкімі жақында жүргізушісін тастап, жұмыс көлігімен өз шаруасын тындыруға шыққан. Жолда Нұрлыбек Қалмағанбетов екі жігітті көлігімен басып кетіпті. 21 жастағы Әділхан Куанышалин оқиға орнында қаза тапты. Жас жігіт сол жақтағы кәсіпорындардың бірінен тәжірбиеден өтуге барған екен. Ал жанында болған серігі ауыр жарақат алған. Шенеуніктің сол күні арақ ішкені туралы айтылғанымен, оны сапартама растамады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар