Ақтөбе облысында аудан əкімі көмек сұраған жұртқа жекіп тастады

Сәрсенбі, 20 Сәуір , 2016 7:29

Жаңбырдан жапа шеккен Ақтөбе облысының тұрғындары әкімді шақыртып, есеп сұрамақ түгілі өздері сөз естіп тынды. Ойыл ауданында бірнеше айдан бері әкімнің міндетін атқарып отырған Шоқан Тілеумағанбетов ауылдастарын нағыз кержалқау деп атады деп хабарлайды КТК арнасы.

ыыы

Толассыз жауған жаңбырдың кесірінен бұл ауданда қырыққа тарта үй құлап қалған екен. Сол кезде көмек сұрап келген тұрғындар әкімнің ашуын әбден келтірген сияқты.

“Халық енді әбден жаман үйреніп кеткен жасыратыны жоқ. Жалқау болмаса істемей ме үйлерін? Айтыңызшы. Әркім өз үйіне ие болу керек қой”, – дейді Ойыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Шоқан Тілеумағанбетов.

Екі сөздің басын әрең құрап тұрғанымен бұл әкім Ақтөбе облыстың ревизиялық комиссияның төрағасы, өңірдегі ықпалды шенеуніктердің бірі Сағат Еңсегенұлының туысы. Ауылдастарына жекіп, зілді сөйлеп тұрғаны да сондықтан болар.

Жалпы, Ойыл ауданында бір аптадан бері толассыз нөсер жаңбыр мен еріген қар суы қосылып жұртты әбігерге салып жатыр. Баспанасыз қалғандардың жағдайын облыс әкімінің өзі көріп қайтыпты. Қазір шаңырақтары ортасына түскен тұрғындар туыстарының үйін паналап жүр. Шенеуніктер әзірге 37 отбасының 18-не ғана көмек беруге шешім шығарған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар