БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында анасы мен баласын атып кетті

Ақтөбе облысының Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында анасы мен баласын қарумен атып кетті.

Ақтөбе облысында анасы мен баласын атып кетті

58 жастағы әйел мен 23 жастағы ұлы оққа ұшып, аудандық ауруханаға жатқызылды.

30 қазанда екі науқасқа ота жасалып, оқ алынды. Отаны аудандық аурухана дәрігерлері жасады.

“Қазір науқастардың жағдайы орташа. Ота арқылы олардың денесінде оқ алынып тасталды. Санавиация қызметі шақырылған жоқ. Отаны өз дәрігерлеріміз жасады”, – дейді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.

Анасы мен ұлына кімнің оқ атқаны белгісіз. Бұл жайлы құқық қорғау органдары кейінірек ақпарат жариялайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр