Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаевтың 2015 жылғы 4 желтоқсандағы өкімімен Шериязданов Асқар Тұрарұлы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

орынбасар

Бұл туралы STAN.KZ  ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Шериязданов Асқар Тұрарұлы 1968 жылы дүниеге келді. Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаса, Алматы экономика және статистика институтында есепші-экономист кәсібінің қыр-сырын меңгерді.

1992 жылы алғашқы еңбек жолы №7 КТУ-дің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы ретінде бастаған. Ол әр түрлі жылдары тілдер бойынша облыстық басқарманың бас маманы, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі, орынбасары, кейін ішкі саясат департаментінің директоры, орынбасары әрі туризм және спорт басқармасының бастығы міндеттерін атқарды.

Бөлімнің, департаменттің бастығы, «Батыс ӘКК»ҰҚ» АҚ-ның Астана қаласындағы өкілі, елордадағы «Алтын Қыран» топтық компаниясы бас директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерінде болды.

2013 жылдың желтоқсанынан Алға ауданының әкімі болды.

 

Талқылау