Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында тоққа түсіп екі қолынан айырылған баланың отбасына үй берілді

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында тоққа түсіп екі қолынан айырылған баланың отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақтөбе облысында тоққа түсіп екі қолынан айырылған баланың отбасына үй берілді

Дамир Фактулиннің қайғылы жағдайға түсуіне байланысты мектеп директорының орынбасары мен электрик істі болып, сотта ақталып шықты. 

Дамирдің анасы Гүлмира Фактулинаға пәтер кілтін аудан басшысы Бауыржан Каниев табыс етті. 

Отбасыға суы мен газ құбыры кіргізілген 3 бөлмелі үйді берді. Баспана қамқорлық акциясы нәтижесінде сатып алынды. 

"Үйіміз жақсы. Баламды емдеп жатыр. 1-2 жылдан кейін протез салуға болады. Қазір жарасы жазылмай, іріңдеп тұр. Протезді Ресейге салдырамыз", - дейді анасы. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр