Ақтөбе мен Шымкентте мектеп оқушылары арасында жүктілік белең алып барады

Сенбі, 26 Наурыз , 2016 9:35

Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында кәмілетке толмаған қыздар арасында жүктілік белең алып барады. Статистика бойынша, былтыр оңтүстікте 800-ден астам қыз бала есепке алынса, Ақтөбе өңірінде 200-ге жуық мектеп оқушысы жүкті болып қалған.

1455176553_rwzobquuejk

Сурет kerek-info.kz

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Бұл мәселе бүгін Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында сөз болды. Мамандардың айтуынша, жүктілікке ұрынған жеткіншек қыздардың дені мектеп пен колледж оқушылары.

“Баланың көп жағдайда әлеуметтік желі арқылы таныс тауып, одан кейін басқа ортада жүргенінің нәтижесін өкінішті жағдайларға әкеліп жатады. Қазақта қыздың орны төрде деп жатады, сол төрдегі қыздарымыз не үшін төмендеп кетіп жатқандығы – көкейкесті мәселе. Психолог мамандардың жұмысын тиісті деңгейде жолға қою керек”, – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков.

Сондай-ақ, жиын барысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 пайдалы іс» республикалық акциясының іске асырылу барысы талқыланды. Алдағы уақытта қайырымдылық шаралары өтіп, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіледі. Республикалық деңгейде әкелер байқауын өткізу де жоспарланып отыр. Осылайша, әке тәрбиесінің маңыздылығы мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу көзделуде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар