Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе маңында өзбектер мінген автобус апатқа ұшырады

Ақтөбеден Хромтауға бара жатқан жолда Өзбекстан азаматтары мінген жолаушылар автобусы апатқа ұшырады.

Бұл туралы Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты 25 ақпанда сағат 20.40 кезінде Самара-Шымкент тас жолында Жазық ауылына жақын жерде болған.

“Mercedes автобусының 35 жастағы жүргізушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғыны Ақтөбеден Хромтауға бара жатқан жолда, көлікке ие бола алмай, жыраға түсіп, артынша автобус аударылған”, — деді полиция.

Жол-көлік апаты салдарынан автобустың 7 жолаушысы түрлі жарақаттармен Хромтау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен осы жолаушылар Өзбекстан азаматтары екені белгілі болды. Автобуста барлығы 25 жолаушы болған.

Жіберіп алмаңыз:

Екібастұзда мұғалім мас күйінде көлік жүргізіп, адам өліміне себепкер болды

Павлодар облысының тұрғыны ерлі-зайыпты зейнеткерлерді пышақтап өлтірген

Алматыда Toyota Camry аударылды: Бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр

Шымкентте жүкті әйел мінген жедел-жәрдем көлігі жол апатына ұшырды

Талқылау