Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ақтөбенің” бұрынғы ойыншысы клубтан 17 миллион теңге қарызын сұрады

"Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы 25 жастағы Асхат Тағыберген клубтан қарызын даулап жатыр. Клубтың футболшыға берешегі - 17 миллион теңге екен.

askhat_tagybergen_2014_15_12
Сурет news.ivest.kz
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды. Бұл ақша - оның екі айлық жалақысы: Жазғы демалыстағы жәрдемақы мен уақытында төленеген айлықтың өсімі. Соттың айтуынша жалпы қарыз 17 млн 350 мың теңге. Сот клубтың заңды өрескел бұзғанын айтып отыр. Асхат Тағыберген "Ақтөбе" футбол клубы сапында келісім негізіндегі "кәсіби футболшы ретінде өз жұмысын атқарғаны" үшін ай сайын 1 миллион 530 мың теңге айлық алған. Сосын футболшының жалақысын 5 млн 553 мың теңгеге дейін көтерген. Футболшы клубпен арадағы келісім-шартты 2016 жылдың қаңтарында бекітілген жалақыны алмаған күйі үзген. "Ақтөбенің" өкілдері сотқа келген жоқ және іс клуб тарапынан келген өкілдерсіз қаралды. Айлық қарыз болғаны үшін қалалық сот клубтан 11 млн теңге өндірілетінін айтты: 305 415 теңге өсім және 5,5 млн теңге пайдаланылмаған демалыстың өтемақысы. Сот құжатында көрсетілгендей шығарылған шешім тез арада орындалуы керек.
Талқылау