Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР президентінің, Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Испанов Ілияс Сапарбекұлын Ақтөбе қаласының әкімі етіп тағайындауға үкім шығарды.

жаңа-әкім

40 жастағы ІИспанов ҚазМБА жанындағы нарық институтының, Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебінің, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі. Экономист мамандығын алған және мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Испанов еңбек жолын 1993 жылы «Ақ Бастау» АБ Сарыағаш аудандық филиалында есепші болып бастаған. Кейінгі жылдары ҚР Қаржы министрлігі несиесін төлей алмаған борышкерлермен жұмыс бойынша Комитет төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Бас прокуратурасы қаржы, ақпараттандыру, ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалмай тұрып, ҚР Жоғарғы Соты  жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін басқарған.

– Біз кадр алмастыру шарасын жүргіздік. 6 ауданның әкімдерін ауыстырдық. Өңірімізде алғаш рет әйел ауданды басқаруға келді. Облыста кадр жетіспейді, әсіресе кандидат таңдау кезінде осы мәселемен бетпе-бет келдік. А корпусының резерві жоқ, бұл жолы да оларға сенім арта отырып, кадр алмастырдық. Олар біздің сенімімізді ақтайды деп үміттенемін, – деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

 

Талқылау