Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ақтөбе” футбол клубының формасына бауырсақтың суреті жабыстырылуы мүмкін

20 наурыз күні Дмитрий Васильев жанкүйерлер секторының көшбасшыларымен кездесті. Ондағы басты мақсат – жаңа демеушіні белгілеу.

Безымянный
Сурет kerek-info.kz

Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлайды.

Васильев “Бауырсақ бала” атты жылдам тамақтану ресторанын клубтың демеушісі ретінде көргісі келетінін жасырмады. Оның ұсынысын жергілікті билік қабылдамаған. Сондықтан ол жанкүйерлердің қолдауына зәру екенін айтты. Әзірше ол басқа демеуші таппай отыр. Егер “Ақтөбе” ФК мейрамханамен келісім-шартқа отырса, онда футболшылардың майкасына “Бауырсақ баланың” логотипі қойылады. Жарнама үшін клуб ешқандай ақша алмайды. Есесіне клуб 300 шаршы метр орынды тегін алады. Оны “Ақтөбе” клубы футбол бұйымдарын сататын фан-шоп дүкен ретінде пайдалана алады. “Ақтөбе” ФК бас директоры Дмитрий Васильев бұл келісім өте тиімді деп сендірді. Оның айтуынша, мейрамхана иелері билеттердің басылымын өз мойындарына алып, стадионды фастфудпен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Осы маусымда клуб ірі демеушімен мақтана алмай отыр. Биыл “Ақтөбе” ойыншыларының жалақысы қысқарғанынан хабардарсыздар. Енді футболшылар ең көп дегенде, айына 3 миллион теңге алады. Жанкүйерлер клубтың мүшкіл жағдайын түсінсе де, Васильевтің саудагерлік қадамын қабылдай алмады. Олар ақтөбелік футболшыларға “ақ-қызыл бауырсақтар” деген мазақ ат жабысып қала ма деп уайымдайды.
Талқылау