Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ақтөбе” футбол клубын 108 миллион теңгеге сатып алған Самат Смақов ақшаны қайдан алғанын айтты

Танымал футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды. Бұрын аталған клубтың капитаны болған футболшы бүгінде бас директор қызметінде. Белгілі болғандай, ол клубты сатып алу үшін 108 миллион теңге жұмсапты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Самат Смақов

Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының иесі атанатыны туралы қауесете ел арасында тарағалы біраз уақыт болған. Спортшының сөзінше, ол мұндай шешімге аяқ асты келіпті. Себебі, ақтөбелік клубқа шын

«Ақтөбе» клубы 3 рет сатылымға қойылғанымен, оны сатып алғысы келетіндер табылмады. Сондықтан команданың таратылуы мүмкін еді.

«Үшінші рет бәс саудада ешкім сатып алмаса клубты билік таратып жіберер еді. Сондықтан жақындарыммен, таныстарыммен кеңесіп, өзім сатып алуды жөн көрдім. Бұл клуб мен үшін қымбат. Кейбір білгіштер клубты жауып, жаңадан ашу керек еді деп жатыр. Бірақ қаншама жылдық тарихты қалай жоқ қылуға болады? Оған дәтім бармады», – дейді Смақов.

Әзірге Смақов 108 миллион теңгенің тек 15 миллионын төлеген. Ол қалған ақшаны 7 жылдың ішінде төлеп бітіруі тиіс. Бұл уақытта клуб сенімді басқаруда болады. Сонымен қатар облыстық бюджет клубты қаржыландыруын жалғастырады. Бұған дейін осы мақсатта 2 миллиард теңге бөлінетіні айтылған еді. Десе де клуб иесінің өзі бұл ақпаратты растаған жоқ.

Ендігі Смақовқа клубтың қарыздарын өзі өтеуіне тура келеді. Десе де ол өз иелігіндегі клубтың қанша қарызы бар екенін жасырып қалды.

«Самат Смақовтың клубты сатып алуға ақшаны қайдан алғаны бәрін қызықтыратын сұрақ болса керек. Екі жылдық футболдық мансабымда жүгері күзетпеген шығармын. Жұмыс істеп, футбол ойнап, ақша таптым», – дейді Самат Смақов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау