Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ақтөбе» ФК-ның бас директоры Дмитрий Васильев шілдеге дейін қазақ тілін үйренуге ниетті

«Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильев осы жазға дейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін меңгеріп шығуға ниетті екен. Кеше ол филология маманы Мерей Құпжаннан бірінші сабақ алған. Бұл туралы Мерей Фейсбук əлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады. 12670581_838649196279508_4941310015505458806_n

«Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильев бүгіннен бастап қазақ тілінен сабақ ала бастады. Ұстазы – мына мен! Уақытының тығыздығына қарамастан, мемлекеттік тілді үйренуге бел шеше кіріскен ол 2 сағаттық бірінші дәрістен тамаша көрсеткіш көрсетуде. Кофесінен дәм татқызған басшыға Димаш деген қазақша ат қойып та үлгердім. Мақсат – шілдеге дейін оны қазақша сайрату. Сәттілік саған, Димаш!»,-деп жазған еді Мерей.

Мерейдің  бұл жазба осыншама резонанс тудырады деп ойламағанын айтып отыр.

«Мен негізі репетитор емеспін, бірақ мамандығым қазақ филологиясы мен педагогика ісі болғандықтан сабақ беру маған аса қиындық туғыза қоймайды. Оның үстіне осындай ықыласы бар адамдар, атап айтқанда жоғары лауазымды өзге ұлт өкілдері дүйім жұртқа үлгі болып, мемлекеттік тілімізге бет бұрып жатса мен қуана-қуана көмектесуге әрқашан әзірмін. Ал, Фейсбук əлеуметтік желісіне жарияланған  постқа келетін болсақ, ол бүкіл Қазақстан бойынша резонанс тудырды деп айтуға болады. Мен ондайды, шынымды айтсам, күте қоймадым. Пікірлер екіге жарылды: көбі атақты клуб бас директорының басшысы қазақ тілін үйреніп жатқанын азаматтық деп бағалап жатса, басқалары бұл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа жағудың бір амалы, яғни пиар-қадам деп кесіп айтып жатты”, – дейді ол.

Өйткені, өңір басшысы осыдан бұрын жергілікті қытай компаниясының қызметкерін мемлекеттік тілді білуге шақырған еді.

“Бір нәрсенің басын ашып айтқым келеді, Васильев мырза тіл курсы жайлы менімен бір ай бұрын келісіп қойған болатын, Футбол клубының бірінші оқу-жаттығу жиынынан кейін кірісеміз деді, сөзінде тұрды. Расында, азаматтық! Жалпы, түрік тілін білгенінің арқасында ол өзі айтқан шілде айынан бұрын-ақ қазақ тілінде тәуір сөйлей алатын болады деп сенемін»,-дейді М.Құпжан.

Талқылау