Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ақтөбе» фK елеулі сынға ұшырап, басшылығы өзгерді

Кеше облыс футболы қауымдастығының басшысы Сағат Еңсегенұлы бұл қоғамдық ұйымның қызметі туралы есебін берді. Анықталғандай, бұл оның осы құрылымға басшылық етуінің 11 жылында екінші есебі. Еске сала кетейік, ол тура сондай уақыт «Ақтөбе» ФК-ның президенті болған .

20151220125804

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды

Есептің өзіне келетін болсақ, онда әңгіме негізінен облыста мемлекет салған футбол инфрақұрылымы нысандарының құрылысы және «Ақтөбе» ФК-ның табыстары туралы айтылды. Шараға қатысқан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баяндамашыға бірнеше сұрақ қойып, берген жауаптарынан басты және айқын қорытынды жасалды: қауымдастық өзіне жүктелген міндеттерді орындаған жоқ, облыста футбол шаруашылығының жүйесі болмады, «Ақтөбе» ФК көптеген жылдар бойы дамымай тұрды.

Ал оның табыстарының бағасы өте жоғары болды. Аймақ басшысы клубтың шығындары мен қарыздарын атады. Сомада шығындар мен қарыздар миллиардқа жуық теңгені құраған.

Облыс әкімі тәжірибелі қаржыгер, облыстың тексеру комиссиясының басшысы бола отырып, ірі шығындарға жол берген Сағат Еңсегенұлының жұмысына сын айтты. Клуб табыс тауып, өзіне салынған біраз қаражатты қалайда ақтау үшін еш жұмыс атқарған жоқ, деп атап өтті әкім. Бердібек Сапарбаев «Ақтөбенің» кейбір легионерлерінің жалақыларын бірінші рет айтып өтті – бұл 57 мыңнан бастап 75 мың еуроға дейін!

Пікірсайыстарға қатысқан футбол ардагерлері, балалар жаттықтырушылары проблемаларын айтып, наразылықтарын білдірді.
Есеп-сайлау конференциясының қорытындылары бойынша облыстағы футбол қауымдастығының қызметі қанағаттанарлықсыз деп танылды. Ұйымның жаңа құрамы сайланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев басшылық ететін болды.

Талқылау