Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе дәрігерлері ұлыбританиялықты өлім аузынан құтқарып қалды

Ақтөбелік дәрігерлер 64 жастағы Ұлыбритания елінің азаматы Мұхамеди Нұрбибінің өмірін сақтап қалды. Азаматтың денсаулығы ұшаққа отырғаннан кейін бірден нашарлаған. Диабет пен өкпе қабынуына шалдыққан жолаушыға бірден дәрігердің көмегі қажет болған.

аурухана

Бұл туралы Қазақпарат жазды. «Әйел клиникалық өлім жағдайында еді. Тек үшінші тәулікте ғана ол есін жиды. Оның қаны шлактардан тазартылды. Төрт күн бойына әйел жасанды тыныстандыру аппаратына таңылды. Қазір науқастың жағдайн қалыпты ауыр деуге болады. Ол дегеніңіз хал үстінде деген сөз емес, әйел әлі өмір сүреді»,- деді  Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Самат Данияров.    

Талқылау