Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе дәрігерлері нәрестелерге салынатын вакцина таба алмай жатыр

Күні кеше “тұрғындардың көбі екпеден бас тартып жатыр” деп дүрліккен Ақтөбенің дәрігерлері нәрестелерге салынатын вакцинаны өздері таба алмай отыр. Айтуларынша, өткен жылы бағаның күрт өсуіне байланысты аз алынған препараттар таусылып қалған.

photo_155631

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қазір Ақтөбе облысында бір жасқа дейінгі нәрестелерге салынатын екпе тоқтап тұр.

Әсем Жалбырова төрт айдан асқан баласына екі және үш айында салынуға тиіс екпені әлі ала алмай отырғанын айтады. Әр түрлі дертке қарсы тұратын вакциналарды емханалардан таппадым дейді. Айтуынша, дәрігерлер препараттар жоқ, таусылып қалды деп қайтарып жібереді екен.

“Үш айдікіне барғанда вакцина жоқ деді. Бітіп қалды, қай уақытта болады сол кезде хабар береміз деді. Қазір бала төрт айдан асты. Алмаймыз дегендерге алмадыңдар дейді, алу керексіңдер деп. Енді біз аламыз десек бізге сол алу керек вакцинаны тауып бере алмай отыр. Жоқ, вакцина қалада жоқ”, – дейді тұрғын Әсем Жалбырова.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмек және вакцинамен қамтамасыз ету бөлімі мамандарының айтуынша екпеге арналған препараттар ақпан айынан бастап жоқ. Былтырғы алынған дозалар жетпей қалған көрінеді. Өйткені доллардың өсуіне байланысты шет елден сатып алынатын препараттардың бағасы да күрт өскен. Сондықтан жылдағы мөлшерден аз алуға тура келіпті.

“Бағасының күрт өсуіне байланысты былтыр біз тапсырыс беруден 15 000 дозаға кем алдық. Сол себептен биыл бізде қаңтар айында вакцина болды, содан кейін жетпей қалды”, – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмек және вакцинамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Айгүл Орынова.

Дәрігерлердің айтуынша, түрлі жұқпалы ауруларға қарсы алынатын вакцинаның 83 пайызын бір жасқа дейінгі нәрестелерге салынатын екпе құрайды. Сондықтан оларға жыл сайын қазынадан миллиардтан астам қаржы бөлінеді. Мысалы, биылғы жылдың өзіне Ақтөбе облысы бойынша нәрестелерге салынатын вакцина препараттары үшін 1 миллиард 348 миллион теңге жұмсалыпты.

Жоспар бойынша сол ақшаға сатып алынған 191 000 доза алдағы сәуір айына дейін келеді дегенді ескерсек, вакцина жетпеген ақтөбелік ата-аналар препаратты әлі екі ай күтуге мәжбүр.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір облыс бойынша таусылып қалған вакцина құл, полиомиелит, сіреспе және көк жөтел сияқты жұқпалы ауруларға қарсы салыну керек екпе болатын. Ал жоспар бойынша биылға сатып алынған 191 000 доза алдағы сәуір айына дейін келеді дегенді ескерсек, вакцина жетпеген ақтөбелік ата-аналар препаратты әлі екі ай күтуге мәжбүр.

Оқи отырыңыз:

Анар, банан және құрма: жемістердің пайдасы мен оларды дұрыс таңдау әдісі

Ғалымдар жарманың арықтауға елеулі ықпал ететінін анықтады

Көк шайдың нақты қандай дертке дауа екенін білесіз бе?

Дәмі тіл үйіретін “майсөк” тағамының қалай жасалатынын білесіз бе?

Талқылау