Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе әкімі велосипеді болмағандықтан велошеруге қатыса алмай қалды

Қала әкімі Бекбол Сағын үшін ыңғайлы велосипед табылмағанға ұқсайды. Жалпы, велошеруге 400-ден астам ақтөбелік қатысты.

80388_tn

Бұл туралы Aktobe News хабарлайды.

Велошеру олимпиялық күнге және тәуелсіздік мерекесіне орайластырып өткізілді. Шенеуніктер, депутаттар, балалар мен ересектер барлығы 6,5 шақырымды жүріп өтті. Шараға қатысушылар ҚР Тұңғыш Президент атындағы саябақтан бастап, Әбілқайыр хан даңғылы бойымен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін, ары қарай Ә.Молдағұлова даңғылы бойымен Есет батыр көшесіне бұрылып, Абай даңғылы арқылы Әбілқайыр хан даңғылына шығып, одан соң ҚР Тұңғыш Президент атындағы саябаққа оралды.

80387_tn

Велошеруге қала әкімі Бекбол Сағын да келді. Алайда шаһар басшысы шеруге қатысатын көлігін тастап кетіпті.

80385_tn

“Мен велосипедімді Астанадан күтіп отырмын, әлі қолыма тимеді. Қай кезде әкелінеді, сол кезден бастап велошеруге құлшына қатысатын боламын. Негізі велоспортпен айналысып жүргеніме бір жылдан асып кетті”, – деп түсіндірді қала әкімі.

Жергілікті БАҚ велошеруге сондай-ақ, қала әкімімен қатар облыс басшысы Бердібек Сапарбаев та қатысады деп хабарлаған. Алайда соңғысы да спорттық шерудің қатарынан көзге түспеді.

80386_tn

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек велосипедке отыруды әдетке айналдырамын деп, әрі оны әкімдік қызметкерлеріне де міндеттеген болатын.

Талқылау