Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе әкімі әкімдік маңына субұрқақ орнатқан демеушінің есімін атады

Былтыр Ақтөбедегі әкімдік маңында «билейтін» жарықты-музыкалы субұрқақ пайда болған еді, – деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

 

Субұрқақтағы 3 тостағаннан 18 метр биіктікке су атқылайды. Ерекше субұрқақ 10 түрлі әуен ойнайды екен.

Ал субұрқақ құрылысына қанша қаржы жұмсалғаны жөнінде Ақтөбе әкімдігі бір жыл бойы тіс жармай келді. Олар тек әлдекімнің демеушілік танытқанын айтқан.

Соңғы уақытта Ақтөбеде демеушілер тарапынан ұсынылған қаржыға түрлі нысандар салынып жатыр. Қалаға кірер жолда ұзындығы 25 метр болатын металдан жасалған қызғалдақ тұрғызылса, орталық даңғылда сағаттар орнатылып, аялдамалар салынып, үйлердің сырты сырлануда. Мұның бәрі бюджеттен тыс қаражатқа  жасалған екен.

Таяуда Бюджетті талдау және экономикалық мониторинг орталығы мемлекет бойынша бюджеттің ашықтығы жөнінде тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша, Ақтөбе 100 ұпайдан 35 ұпай ғана жинаған. Ал бюджеттен тыс қор ашықтығы бойынша 0 ұпай жинаған екен.

«Бір азамат өз қаражатына 25 аялдама тұрғызды. Ол үшін орын сұрады. Біз одан конкурстан өтуін сұрай алмаймыз. Бұл оның ақшасы, оны өзі басқарады.  Барлығын өздері дайындап, бізден орын сұрайды. Аялдамаларды Гринберг (ақтөбелік кәсіпкер) тұрғызды. Сыйға берілген аттың тісіне қарамас болар деген. «Ақтөбе сәулет» субұрқақ тұрғызып, оның құрылысына 100 миллион теңге жұмсады. Қызғалдақ стелласын да тұрғызды. Бірақ адамдардың сынына ұшырамау үшін, есімдерін жариялаудан бас тартты. Жұрт күліп жатыр. Оларға ұнамайды. Сондықтан демеушілер есімдерін жарияламады. Біз де ыңғайсызданамыз», – дейді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Оқи отырыңыз:

Сағадиев: Ағылшынша үйрене алмаған мұғалімдер қайтадан оқиды

Асүйде әйелім өртеніп жатты: өрттен зардап шеккен Орал тұрғынының күйеуі оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

Астаналықтарды күл-талқаны шыққан көліктер легі шошытты (видео)

Қазақстанда иттерінің артын жинамаған адамдарға айыппұл салынатын болады

Талқылау