Ақтөбе әкімдігі жылу жинап жүрген еріктілердің бәріне сене бермеуге кеңес берді

Дүйсенбі, 17 Сәуір , 2017 21:23

Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккендерге жылу жиналып жатыр. Бірақ әкімдіктегілер қаптаған еріктілер тобына жұрттың сене бермеуін сұрайды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

20170416131851

Өйткені, біреудің қайғысын пайдаланып, өзінің қамын күйттейтіндер аз емес. Әйтсе де, қызыл судың кесерінен қаңғырып қалған ағайын ең бастысы өз шаңырақтарының бүтінделгенін тілеп отыр.

Еңкілдеп жылаған бұл азамат өзінің шарасыздығына күйінеді. Бірінші топтағы мүгедек Ерболат Жамиевтің үйін су ағызып кеткен. Қазір өзімен тағдырлас жүзге жуық адаммен бірге мектептің спорт залында тұрып жатыр. Тілінің мүкістігінен ол ештеңе түсіндіріп бере алмады. Бірақ түксіз қалғандарын көршілері жылап тұрып айтып берді.

римпс

“Келінім, қыздарым бәрі қаңғырып жүр. Екі немерем бар. Баратын жерім жоқ. Пәтерге ақшам жоқ”, – дейді тұрғын Нұргүл Мұқашова.

Қазір далада қалған мыңнан астам адамды паналатуға он екі жер әзірленіпті. Жұрт ол жерден үш мезгіл тамақтарын ішіп, сонда түнеп жүр. Ал қала тұрғындары болса, жерлестеріне жан-жақтан жылу жинап жатыр. Облыстық мешіт жанындағы зекет қорына да кешелі бері киім-кешек, азық –түлік, көрпе-жастығын құшақтап жүздеген адам келген.

“Киімдей, заттай әкеліп жатыр. Баланың ойыншықтарына дейін. Тіпті, кейбіреу ақшалай әкеліп жатыр. Ақшаны да қабылдап жатырмыз”, – деді «Зекет» қорының жетекшісі Дәмен Өмірбек.

енен

Қазір Ақтөбеде жылу жинайтын еріктілер тобы қаптап кеткен. Бірақ барлығына бірдей сене беруге болмайды дейді шенеуніктер. Өйткені, біреудің қайғысын пайдаланып, өз қамын күйіттейтіндері де бар. Үйлерін су басқан жұрт ұрылардан да қорқады. Кәдеге жарайтын дүние тіпті қазір де қарақшылардың қолында кетіп жатыр екен.

“Тонап кетті. Енді бүкіл қорапта тұрған ыдыс-аяқ, киімдерімді, көрпе көпшікті алып кеткен ғой”, – дейді тұрғындар.

Бүлінгеннен бүлдіргі алуға бейім адамдарды ұстау үшін тәртіп сақшыларына күні-түні күзетте тұруға бұйрық берілді. Олар көмекке еріктілер де тартылса артық етпейді деп отыр.

Бұған дейін Ақтөбеде болған су тасқынынан 579 үй қирап қалғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ақмола облысында тасқын судың балалар мінген автобусты ағызып әкеткені де жарияланған.

Оқи отырыңыз:

8 жасар қызды педофилден құтқарып қалған оқушы марапаттан бас тартты

Үй-күйсіз кезбе марқұм күйеуінің туысқандарынан өзінің зейнетақасын ала алмай жүр

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Оңтүстік тұрғыны 2 млн теңгеге «ЭКСПО» билетін  сатып алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар