Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Жандос Айбасов халыққа жаңа сүйіктісін таныстырды (фото)

Жас болса да отандық киноиндустрияда өзіндік орнын қалыптастырып, көп қыздың арманына айналған актер халыққа сүйіктісін көрсетті.

13113981_484131218447052_464898395_n

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Жандос Айбасов осы уақытқа дейін танымал актриса Айсұлу Әзімбаевамен көңіл жарастырған-ды. Тіпті, екеуі қолұстасып бейнебаяндарда ғашықтардың рөлін сомдады. Алайда неге екені белгісіз ғашықтар айырылысуды жөн көрген. Желі қолданушылары барлығына Әзімбаеваның мінезі әсер еткенін айтады.

Жақында Айсұлу Әзімбаеваның денсаулығы сыр беріп, шетелде емделіп келді. Ал Айбасовтың жағдайы керісінше жақсы сыңайлы. Арада бір жыл өтер-өтпестен халыққа жаңа сүйіктісін таныстырды. Инстаграмдағы парақшасына бірге түскен суретін салып, “Менің ғашығым” деп жазды. Әзірге суреттегі бойжеткеннің толық есімі, қай саланың адамы екені белгісіз.

taste_celebration_almaty_2014-35

Суретті көрген желі қолданушылары түрлі мазмұндағы пікір білдірді. Бірі Айбасовты басқа ұлттың қызымен көңіл жарастырғаны үшін айыптаса, енді бірі бойжеткеннің Әзімбаевадан әлдеқайда әдемі екенін айтып, бақыт тіледі.

Әзірге бұл суреттің қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Себебі актер осы уақытқа дейін желі қолданушыларын бірнеше рет алдаған.


Оқи отырыңыз:

Динара Бақтыбаева: Болашақ жарымды иісіне қарап таңдаймын

Динара Сұлтан сүйіктісінің “бір бөлігін” көрсетті

Ота жасатқан Әзімбаева шетелде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр

 

Талқылау