Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Валерий Николаев әйелді ұрып қашып кеткен (видео)

Мәскеу орталығында полиция белгілі актер Валерий Николаевты ұстады. Ол бір тәуліктен бері жүргіншілер жолағында егде әйелге қол жұмсап қашып кеткені үшін іздеуде жүр екен.

329323

Сурет GLOBAL LOOK

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

Актер Валерий Николаев көшеде егде әйелді ұрып, оқиға орынынан із жасырған. Оқиға жүргіншілер жолағында орын алған. Актер қатты жылдамдықпен трамвай жолында келе жатып, жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қаққан. Алайда Николаев зардап шеккен әйелге қарамай тайып тұрған. Ақпараттарға қарағанда, әйелдің миы шайқалып, бірнеше ауыр жарақат алған болуы мүмкін.

Полиция тек бір тәулік өткеннен кейін ғана актерді ұстай алған. Валерий көлігімен тротуарға шығып кетіп, бірнеше машинаны соққан. Мұнан соң ол тәртіп сақшыларына доқ көрсетіп, көлігінен шықпай қойған. Біраз уақыт бойы сөйлесіп көндіре алмаған полиция оның көлігінің терезесін сындыруға мәжбүр болған. Актерді қолға түсіріп жатқан сәттегі бейнежазба интернетке тарап кетті.

Талқылау