Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер өзін танымаған әуежай қызметкерінен есіне түсіруін талап етті

Америкалық актер ұшақ рейсіне кешігіп, Лас-Вегас әуежайында шу шығарды. Ол әуежай қызметкерінен өзінің кім екенін тануын талап етіп, сес көрсеткен.

Бұл туралы The Daily Mail жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Хэйли Джоэл Осмент 1999 жылы «Шестое чувство» фильмінде Коула рөлін сомдаған.

Оқиға 5 ақпанда болған. Кешігіп келген актерға ұшақта орын жетпей қалып, келесі күнгі рейс ұсынылған. Нәтижесінде ол әуежай қызметкеріне айқайлап, қорқыта бастаған.

Оны полиция алып кеткен. Дегенмен қайта келіп, айқайын жалғастырған.

«Мен сендердің көздеріңді құртамын», – деп актер әуе компаниясы басшыларын қорқытпақшы болды.

Осы оқиғада куәгер болған америкалық адвокат желі парақшасында былай деген:

«Хэйли Джоэл Осмент «Менің кім екенімді білесіңдер ме?», деп айқай шығаарды. Бірақ ешкім оны танымады».

Хэйли Джоэл Осмент 11 жасында «Шестое чувство» фильміндегі рөлі үшін Оскар жүлдесін жеңіп алды. Ол соңғы марапатын 2002 жылы алған.

Тағы оқыңыз:

Үндістанда төрт аяқты балапан дүниеге келді

Ғалымдар шаштың түсуіне қарсы қуырылған картопты пайдалануды ұсынды

Қандай адамдар иттердің шабуылына жиі тап болады

Модель пластикалық ота жасатамын деп мұрнынан айырылып қалды

Талқылау