Актер Әділ Ахметов түрік телехикаясына түседі

Танымал қазақ актері Әділ Ахметов түрік кинокартинасына түсуі мүмкін. Түркиялық режиссерлер Шыңғыс Айтматовтың “Жәмиләсін” экранға шығаруға ниеттеніп отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

әділ ахметов

Алматыда өткен түрік кино-апталығының ұйымдастырушысы Өнер Кылычтің айтуына қарағанда, түркиялық режиссерлер келесы жылы Шыңғыс Айтматовтың “Жәмилә” шығармасын фильмге айналдыруды жоспарлап отыр.

Түркиялықтар Жәмиләнің ғашығы Даниярдың рөліне отандасымыз Әділ Ахметовті лайық көріп отыр екен. Ал кинокартина шынайы оқиға желісіне негізделгендіктен, қырғыз жерінде түсірілмекші.

“11 жасымда Шыңғыс Айтматовтың “Жәмиләсін” оқыдым, сонда бала арман ғой, осы Жәмилә туралы кино түсіремін дегенмін өзіме. Шынайы болу үшін Жәмиләнің туған жері Таласқа да барып келдік. Жәмиләдағы Даниярдың рөліне қазақстандық актер Әділ Ахметовты лайық көріп отырмын. Театрға барып ойынын тамашаладым, мықты азамат, болашағы зор”, — деді Кылыч.

Ал Әділдің өзі түрік режиссерлерінің бұл жоспарынан хабарсыз болып шықты. Бұл туралы журналистерден естіген Ахметов қатты таңырқап қалған.

“Иә, алдында түрік ағайындар келіп, Даниярдың рөліне лайықсыз деп айтқан болатын. Бірақ әлі нақты хабарласып, осы рөл сіздікі дей қойған жоқ (күліп). Данияр образына келер болсақ, ол өте күрделі тұлға. Ол жерде Даниярдың тегін қазақ деп жазады, осы себепті де ұқсастық көрген шығар. Егер бекітіліп жатсам, әрине, тек қуаныштымын”, — дейді Әділ.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар