Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтаулық жасөспірім әкесінің көлігімен 6 жасар баланы қағып кетті

Ақтауда 17 жастағы жасөспірім әкесінің көлігімен үйдің ауласында ойнап жүрген алты жасар баланы қағып кетті.

Ақтаулық жасөспірім әкесінің көлігімен 6 жасар баланы қағып кетті

Бұл туралы облыстық аурухана хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі tumba.kz-ке сілтеп.

Оқыс оқиға облыс орталығының 27-ші ауданындағы 85-ші үйдің алдында орын алды. Toyota Camry маркасының жүргізушісі үйінің ауласында ойнап жүрген баланы қағып кетті.

Полиция қызметкерлеріне кішкентай бүлдіршінді қағып кеткен айыпталушыны табу қиынға соқпады. Ол Ақтау қаласының 27-шағын ауданының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны болып шықты. Жасөспірім осы жылдың қыркүйек айында ғана 18 жасқа толады екен. Осыған сәйкес, ата-аналардың қатысуымен тексеру жұмыстары жүргізілді.

Ал алты жасар баланың аяғы сынып, аурухана жеткізілген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр