Ақтаулық ұры өзінің сәтсіз қойылымымен полиция қызметкерлерін таң қалдырды

Сәрсенбі, 24 Ақпан , 2016 12:57

Ақтау тұрғыны  букмекерлік кеңсені тонамақшы болып алдын ала дайындалған. Бірақ кассир қыздан айласын асыра алмай  қақпанға өзі түскен. Бұл туралы «Лада» басылымына  қалалық соттағылар  хабарлаған.

ұрыыыы

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес А.С. есімді азамат ұрлыққа түсетін күні өзінің тағдырын өзі сынақтан өткізген. Оқиға  Ақтаудағы 26-шы  ауданға қарасты 6-шы үйдің  жанында орналасқан Inside-Sport Bets букмекерлік кеңсесінде болған.

«Бар ақшасын ұтылып қалған еркек үйіне ашуланып келіп, спирттік ішімдік ішіп алады. Осыдан кейін букмекерлік кеңсеге қайта оралуға бел буады. Бұл жолы ойнау үшін емес, кеңсе кассасын тонау мақсатында өзімен үйінен пышақ алып алады. Оның ойынша пышақты көрген кассир қыз шошып, қолындағы ақшаның барлығын өзіне ұстатуы тиіс болған»,-дейді Ақтау қалалық сотының судьясы  Гүлнәра Байтұрова.

32 жастағы қала тұрғыны осы ісі үшін жауапқа тартылатынын алдын ала білген. Бірақ ұтылған ақшасын қалай да қайтаруды көздеген ол алған берінен қайтпауды дұрыс көрген.

Арам ойын іске асырғысы келген азамат бейнебақылау кмерасы мен саусақ іздерін қалдырмау үшін керектің бәрін жасаған.

Еркек басына екі көзі ғана ашық бас киімді, бетін бүркей отырып  киіп алған. Оның үстінен капроннан жасалған шұлықты киіп сыртынан медициналық масканы байлайды. Қолына медициналық қолғапты киген. Полицейлер кейінрек, ол кісінің фотороботы жасалған кезде өзіне мүлдем ұқсамауы үшін йод қолдануды ұмытып кеткенін айтқан. Дегенмен тәртіп сақшылары бұл азаматтың әрекетіне қарап, оны соңғы кезде ұсталған ең сақ әрі жолы болмаған ұрыға теңейді.

Әбден дайындалған ұры  букмекерлік кеңсеге кіріп, ешкімнің жоғын алдын ала байқап алған. Кассир қызға қаруын көрсетіп бар ақшаны қолына беруін талап еткен. Ол өзінің бақылау камерасынан қалай көрініп тұрғанын қарау үшін компьютер экранына қарап тұрған сәтте кассир қыз тысқа қашып шыққан. Бетін тартып тұрған шұлықтан ұры қыздың қалай кетіп қалғанын да байқамай қалған.

Қыз еш саспастан тысқа шығып кеңсені сыртынан кілттеп тастаған.

Ұры біраз уақытқа дейін өзінің кассир қыз құрған қақпанға түскенін сезбей отыраберген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктінің қолына кісен салып, алып кеткен.

« Сөз жоқ, қыз өте батыл әрі  оны қылмыскерді ұстауда кәсіби маман деуге болады. Ол кеңсенің ақшасын сақтап, ұрыны ұстап беріп отыр. Батылдығы мен сақтығы, жылдам ойлайтындығын бағалай отырып медаль беруге болады» ,-деп әзілдейді тәртіп сақшылары.

судья Гүлнәра  Байтурова ұрыны үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Кейіннен бұл жаза шартты түрде өтеуге ауыстырылған. Ұрының бірінші рет осындай қадамға барғаны мен бірден мойындап, оқиғаны айтып салғаны оның жазасын жеңілдеткен.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар