Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық саяхатшы Париж әуежайында мұсылмандарды бөлек және ұзақ тексеруден өткізгенін айтты

 Франциядағы қайғылы жағдайдан кейін елге оралған  Индира Айтмуратова  Париж әуежайында мұсылмандарды  ұзақ әрі жіті тексеруден өткізгенін айтады. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасай отырып STAN.KZ хабарлайды.

"Париж әуежайында тек мұсылмандар бөлек тексеруден өтті. Еуропа елдерінің туристері неге екені белгісіз бөлек тексерілді. Біздің әр қалтамызды  жіті қарап әр қайсымызды ұзақ қарады", - дейді қазақстандық саяхатшы.

Демалып жүрген Индира қайғылы жағдайды ғаламтордан және  елдегі туыстарынан телефон арқылы естіген. Бір журналист «Қазақстан елшілігінен сіздерді іздеп хабарласқандар болды ма?»- деп сұрады. Шынымды айтсам бізді ешкім іздемепті де. Бұл ұят дүние ғой. Қайғылы жағдайда өз азаматтарымызды неге іздемейміз? Сол жердегі бейтаныс таксилердің өзі бізді тегін жеткізіп қолдарынан келгенше көмек қолын созды,- дейді Индира Айтумарова.

Талқылау