Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық көлік жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті (видео)

Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен қарт кісіге көмектескен ақтаулық көлік жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

8585

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Видеода белгісіз көлік жүргізушісі егде әйелге көмек қылу үшін бірден көлігін тоқтатады. Жақын маңда жаяу жүргіншілер жолағы да жоқ екен. Әйелдің қолына сөмке көтеріп алғанын да байқауға болады.

Жүргізуші әйелді жолдың арғы бетіне өткізіп жіберіп, қайтадан кері қайтады. Оқиға “Магаш” базары мен Маңғыстау облыстық ҰҚК ғимараты ортасындағы жол бойында орын алған.

Пікір қалдырушылар қарт кісіге қол ұшын созған көлік жүргізушісінің әрекетін адамгершілік деп бағалап, риза болысқан.

Оқи отырыңыз:

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

Қазақстанда құрылысшылар жаңа үйге жұқалтыр қағаздан есік салған (видео)

Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколад сыйға тартылды

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды

Талқылау