Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық азамат сырқат балаларға тегін массаж жасайды

Ақтаулық Иман Досмұхамбетов бірнеше жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек беріп келеді.

ввквнне

Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлайды.

Маман жасаған массаждан кейін балалардың жағдайы жақсарып қалады. Ұйқылары тынышталып, көңіл-күйлері көтеріледі екен. Әрбір балаға жеке бағдарлама әзірленіп, курс сол бойынша жүргізіледі. 13 жасар Нұрдәулет сал ауруына шалдыққан. Мұнда әжесі мен анасы көтеріп әкелген. Олардың айтуынша, бүлдіршіннің сырқатына массаждың көмегі мол.

“Ауру белгілері азая бастағаны білінеді. Мектепке баруға дайындалуымыз керек, бірақ әлі де тұтығады. Басқа балалармен тең болғанын қалаймыз. Осындай қайырымды жандардың бары қуантады. Массаж көп көмектеседі. Оған бұл қызметіне ақы алуына да болар еді, бірақ ол тегін қызмет көрсетіп отыр”, -дейді қала тұрғыны Лилия Жадан.


Массажист атын жамылған жезөкше қызыметінің құпиясымен бөлісті

Әубәкіровтың өліміне күдікті хабарландыру сайтында “шақыртумен массаж жасау” қызметін ұсынған


Иман Досмұхамбетов 10 жылдан бері массаж жасайды. Бар білгенін ата-аналармен бөлісуге әзір.

“Сурет салуға икемді балалар бар, бірақ олар өз қатарластарымен ойнай алмайды. Бұл шындық. Массаж кезінде өздерінің аурулары жайлы айтып, жан-дүниесінде не болып жатқанын баяндайды. Менің қолымнан келіп тұрса, неге көмек бермеске?, – дейді маман Иман Досмұхамбетов.

Өткен жылы Иман Досмұхамбетов қайырымдылығы үшін «Жыл адамы» жүлдесін алды. Ол – «Біз адамдармыз – біз біргеміз» қорының негізін қалаушы. Бірлестік мүгедек балалар мен аз қамтылған отбасыларға, қарияларға қамқор болады. Бұдан өзге Иман Досмұхамбетовтың қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп тұрады.

Талқылау