Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық автомеханик хит әндерді қазақшалап жұртты күлкіге қарық қылды (фото,видео)

Ақтаулық Қуаныш Назаров есімді жігіт Инстаграм желісіне әндерін жүктеп, жұрттың назарын өзіне аударды. Оның туындылары бұған дейін хит болған шетелдік әндер мен клиптерге  қазақ тілінде жазылған.  Жұртты күлкіге қарық қылған жігіт әр әнде түрлі мәселелерді көтереді.

репер

Stan.kz  тілшісіне арнайы сұхбат берген Қуаныш мақсаты мен жоспарларын да жасырып қалған жоқ.

– Қуаныш, хит әндерді қазақшалауды қашан бастадыңыз?

-Мен бала күнімнен клиптерді тамашалап отырып ондағы қимыл-әрекеттерді  ойша қазақшалайтынмын. Кейіннен ол өнерімді сыртқа шығара бастадым. Есейе келе достарымның арасында  үлкен әзілге айналды. Содан мүмкіндігім болса осыларды жинақтап, студияда сапалы етіп жазсам дейтінмін. Қазір маған “осылай істесек” дегендей түрлі ұсыныстарын айтып келетін адамдар көбейді. Тіпті клиптердің шығынын төлеп беретін жігіттер  қолқа салып қоймайтын болды. Бірі дауыс жазатын студия ұсынса, бірі тағы басқалай көмек беріп осындай өнерді көпшілікке паш еттік.

– Яғни, бұл сіздің жай ғана қызығушылығыңыз? Мамандығыңыз емес қой?

-Мен мамандығым бойынша автомеханикпін. Осы салада еңбек етемін. Техника жөндеймін. Ал ән қосымша жұмысым, қызығушылығым. Мақсатым: қазақ тілінің әмбебаптығын көрсету. Түрлді әуенде мың құбыла алатынын дәлелдеу. Реп жанрында жастарға осыны көрсете отырып,көңілдерін көтеру.Күлкі сыйлау.

-Тойларға, көңілді кештерге сізді шақырады ма халық?

Маған ондай  ұсыныстар түседі. Өзім тойда ән салғым келмейді. Бірден “жоқ” деп жауап беремін.

-Қазір әндеріңізге дайын клиптерді пайдаланасыз. Болашақта осынбай бейнебаянды өзіңіз түсіру жоспарда бар ма?

-Әрине, бірақ мұндай сапалы клипке көп қаржы керек болады.

-Сіздің әндеріңіз  “91” тобына ұқсап кететін сияқты. Ол топ та тойға шықпайды. Мақсаттары да қазақ тілінің әмбебаптығын дәлелдеу. 

-Жоқ оларға мүлде ұқсамаймын. Менің жолым бөлек. Менің түсіндіргім келетіні қазақ тілі  эстрада әндерімен шектелмеуі керек. Менің бастамам өзіме ұнады, жұртқа ұнап жатыр неге жалғастыра бермеске?

-Қазір сізді ғаламтор арқылы танитындар күн санап көбейіп жатыр, продюсер табылып жатса  жұмысты тастап әншілікке ауысып кетуіңіз мүмкін бе?

-Ол уақыттың еншісінде. Мүмкін солай болып кететін шығар. Қазір дөп басып ештеңе айта алмаймын. Мен керісінше өзімді продюсер ретінде көремін. Әнді жазамын, идея бар, даусы жақсы  жігіттер мен қыздарға неге жаңа бағытта ән салуды үйретпеске.

#Аилыктускенқаиданбілеинжалғасы былаи өзгертім азғантаи толықтырдым#arspro #arsproduction

Публикация от Қолыңнан Келсе Істе (@nazarov.kuansh)

28 жастағы ақтаулық бойдақ ән арасындағы қыздардың даусын таныстарына орындатады екен. Осы өнерінің арқасында көптеген қазақстандықтар өзін тани бастағанын да жасырмайды. Тіпті әндері жүктелетін желідегі парақшасына тіркелушілер саны күн санап көбейеіп келеді екен. Ал Ақтау жастарының арасында ол жазған әндер өте танымал.

 Қуаныш әндерінде “Айлық қашан түседі?”, “Несие төлеу керек”, “Былай билеуге болады”, “Қысқа киген қыз” деген сыңды тақырыптарды алады. Ол тек әнші ғана емес кейде желіге ерекше биін де жүктеп тұрады.

#Гулянкігешықтыммен #arspro #arsproduction

Публикация от Қолыңнан Келсе Істе (@nazarov.kuansh)

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік келіншек күйеуіне өзі тоқал іздеп жүр

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Қазақстандық келіншек бірнеше әйелді жүкті қылып, мүлкін тартып алған алаяқтан сақтандырды

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Талқылау