Ақтаулық әке төрт баласын жалғыз өзі тәрбиелеп келеді

Бейсенбі, 2 Маусым , 2016 17:26

Қырық жастағы Ермек Досаев жалғыз өзі төрт бала тәрбиелеп оты: үш қыз, бір ұл. Досаев ҰҚК қарасты шекара қызметінде  аға офицер болып қызмет істейді.

отбасы

Бұл туралы Тумба.кз басылымы жазды.

Әкесінің әскери қызметтегі әріптестері  төрт баланы Халықаралық балаларды қорғау мерекесімен құттықтауға келген. Әрине құр қол емес, сыйлықтар ала келіпті.

«Біз балаларға арнап мереке ұйымдастырғымыз келді. Бірақ бұл біздің қолымыздан келеді ма екен деген сұрақ мазалады бізді. Біз бұл отбасыға техника саудалайтын дүкендердің бірінің сертификатын сыйға бергіміз келеді. Олар үйге не алатындарын, қашан алатындарын өздері таңдасын. Ермекке  және балаларына барлық жақсылықты тілейміз»,-дейді  әскери бөлімшенің әйелдер кеңесі бойынша төрайымы  Наталья  Кишиневская

Ермектің үлкені Жансаяның жасы 16-да, Арайлым -15 жаста, Ұлбосын-12-де, үйдің кенжесі Ернияздың жасы 7-де. Балалар бір-біріне қорған, мейірімді. Ермектің әпкесі осы шаңыраққа өз балаларымен бірге жиі келіп тұрады. Отбасымен жақсы араласатын достар үйдегі кішкентай қуаныштың өзін біргелікте атап өтеді екен.

отбасы1

«Келгендеріңізге алғысым шексіз. Балалармен қуанып қалдым. Әріптестеріме жұмыста сәттілік, отбасында бақытты болуды тілеймін. Мен барлық балаларды мерекелерімен құттықтаймын. Оларға денсаулық, өмірде көптеген қуаныш, барлық арман-тілектері орындалсын деп тілеймін»,-дейді Ермек Досаев.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар