Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауға қыстауға келген аққулар көпшілікке көтеріңкі көңіл сыйлаған (бейне)

Жыл сайын Каспий теңізі жағалауына қыстау үшін аққулар ұшып келеді. Екі-үш күннен бері 14 шағынаудан тұсындағы теңіз жағасында бір топ аққу пайда болды.

аккуууу

Бұл туралы  lada.kz хабарлайды.

Ақтау тұрғындары биылғы жылы аққулардың кешігіп келгенін айтады. Олар құстарды тағатсыздана күткен.

Қала тұрғындарының бірі Екатерина Шепелева  жыл сайын аққуларды тамақтандыру үшін 14 шағынаудан тұсындағы теңіз жағасына келеді. «Біздің отбасымыз үшін бұл дәстүрге айналды»,-дейді ол.

Ал Әбілхайыровтар жанұясы болса, аққулардың келгенін 6 қаңтарда білген. Олардың пікірінше, ауа райындағы өзгерістер құстардың кеш келуіне себеп болған.

«Әдетте, аққулар Ақтауға желтоқсанда ұшып келеді, онда да суық болса ғана.  Биылғы жылы ауа райы жылы. Шамасы олар осыған байланысты кештетіп келген болар.

Тағы бір байқағаным, аққулар саны жыл өткен сайын азайып барады»,- дейді Нұрболат Әбілхайыров.

Талқылау