Ақтауда 50 миллион теңгеге жуық ақша жұмсалған жол салынып бітісімен, ойылып жатыр

Сәрсенбі, 27 Қаңтар , 2016 22:29

Өйткені, су жаңа веложолдың ашылғаны күні  кеше ғана еді. Бірақ, арада тіпті, 24 сағат өтпей,  әлгі жол бүгін қақ ортасынан опырылып түскен. Алайда, бюджеттен бөлінген сіз бен біздің 45 миллион теңгемізге салынған жарамсыз жолды қалпына келтіруге асығып отырған ешкім байқалмайды.

жол

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Өйткені, сапасыз жол үшін қатаң жазаға тартылатын заң ол басқа елдерде. Ал, біздегі компаниялар  бір жұмысты екі рет істеуге әдеттеніп алған сияқты.

Халық көптен күткен веложол күні кеше қолданысқа берілген болатын. Өкінішке қарай, бүгінгі көрінісі мынадай. Анау-мынау емес, 45 миллионтеңгеге салынған веложол бір күннен кейін опырылып түсті. Үлкен ойықтар пайдаболып, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіруде. Ал, жауапты мекеме жолдың жыртығынжамауға асығар емес.

Оқиға орнында мына отырған екі қызметкерден басқа жанталасып жол жөндеп жатқан адам болмады. Веложол опырылған күйі әлі тұр. Тұрғындар қазір екі ойлы. Бірі сапасыз жолдан жапа шегеміз деп алаңдаса, кейбіреулері ауаға ұшқан миллиондарды ойлап, жауапты мекемені сынға алды.

Өңірдегі «Минианк» серіктестігі өткен жылы велосипедшілер жолының жанынан техникалық және ауыз су құбырын  тартқан. Кеше  құбырдан ақау шығып, су далаға ағылды дейді, жауапты мекеме басшысы. Топыраққа су тез сіңіп, кесіріненвеложол төмен түсіп кеткен екен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру

Ай,биздики лер тек тяпь ляп жасап кетет.негихги жумистары акша жеуго.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар