Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудың атақты шенеуніктерінің табыстары белгілі болды

Фейсбуктағы Ақтау әкімдігінің ресми парақшасында “Өзіңнен баста” акциясының аясында қала шенеуніктерінің былтырғы жылы ақшалай кірістері жария етілген.

чиновники

 

Берік Ізғалиев.

Берик Изгалиев

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы 2015 жылы 3 008 331 теңге табыс тапқан. Оның меншігінде “Lada Priora”, “ҚазТрансОйл” АҚ 130 акциясы және “Жилстройсбербанк” АҚ-да миллионға жуық қаражаты бар екен.

Бейсенғали Кенжәлиев.

Бисенгали Кенжалиев

Ақтау әкімдігі ішкі саясат басқармасының жетекшісі. Ол былтырғы жылы 3 121 738 қаражатқа ие болған. Оның меншігінде 2007 жылы шыққан “Lexus GS-350” көлігі бар.

Тілек Қошмағанбетов.

Тлек Кошмаганбетов

Ақтау әкімінің орынбасары өткен жылы 1 990 599 теңге табыс тапқан. Жеке меншігінде қаладағы төрт бөлмелі пәтері мен жаңа “Honda” көлігі бар.

Нұрлыбай Аққұлов.

Нурлыбай Аккулов

Ақтау әкімінің орынбасары 2015 жылдың ішінде 3 216 206 теңге жиған. Ақтауда пәтері бар шенеунік, “Toyota Pradо” көлігін тізгіндейді.

Қайрат Ақыбаев.

Кайрат Акыбаев

Қаланың құрылыс басқармасының басшысы өткен жылы 2 064 881 теңгені қалтаға басқан. Жеке меншігінде ештеңе жоқ.

Жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Жетібай Құбаешев қой жылы 2 949 780 теңге табыс тапқан.

Жетыбай Кубашев

Оның жеке меншігінде 2007 жылғы “Nissan” автокөлігі бар.

Ерғожа Төретаев.

Ергожа Туретаев

Қала әкімі аппаратының басшысы өткен жылы 2 348 346 теңге таба алған. Жеке меншігінде ешқандай мүлік жоқ.

Талқылау