Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы перзентханада жүкті әйел қайтыс болды

Ақтауда 27 жастағы жүкті әйел қайтыс болды. Дәрігерлердің болжамы бойынша, оның өліміне жүрек талмасы себеп болған.

Ақтаудағы перзентханада жүкті әйел қайтыс болды

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Дәрігерлер әйелдің өлімінің нақты себебін атай алмай отыр. Марқұмның туыстары оның мәйітін союдан бас тартып, перзентхана және мәйітхана қызметкерлерімен төбелесіп, денесін алып кетті.

Марқұм Жаңаөзен қаласының тұрғыны болған. Ол қайтыс болған кезінде жүктілігінің 7-айында жүрген және облыстық перинаталдық орталыққа қаралуға барыпты.

«Олар шамамен 30-40 адам болды. Бізге тап беріп, төбелес шығарып, дәрігерлерді, күзетшілерді ұрды. Полиция да оларды ажырата алмады. Туыстары медицина қызметкерлерінің қолынан марқұмның денесін тартып алып, Жаңаөзенге алып кетті. Мәйітті союға рұқсат алу үшін, Жаңаөзендегі әріптестеріміз келіссөз жүргізіп жатыр», – дейді перинаталдық орталықтың директоры.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау