Ақтаудағы атысты куәгерлер бейнежазбаға түсіріп алған (видео)

Дүйсенбі, 18 Сәуір , 2016 16:21

Ақтауда болған атысты куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөліскен. Жазбада бірнеше ер адамның қара түсті көлікке отырып, қалғандарының жүгіріп бара жатқаны байқалады.

70_main

Сурет 163gorod.ru

Өткен жексенбіде қаладағы “Дукат” ықшам ауданында болған атысқа он шақты адам қатысқан. Күдіктілерді ә дегеннен ұстау мүмкін болмады. Маңғыстау облыстық ІІД патрульдік полицияның оқиға орынына барғанын, бірақ ол уақытта даукестер із жасырып үлгергенін хабарлады.

“Оқиға орынынан бірнеше гильза табылды. Демек, жанжал барысында бірнеше қару қолданылғанын білуге болады. Қазіргі кезде қатысушылардың тұлғалары анықталып, оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Жанжалға қатысушы азаматтардың ешқайысы Ақтаудағы ауруханаларға денсаулық шағымымен бармаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар