Ақтаудағы әскери бөлімшеден қашқан сарбаз сегіз күн бойы Атырауда еркін қыдырған
Осыдан 9 күн бұрын Ақтаудағы 6656 әскери бөлімінен қашып кеткен сарбаз Атыраудан табылды. Сергей Пыхалов Атырауға 19 шілде күні жолшыбай кездескен көліктермен жетіпті,-деп жазды КТК арнасы.
Ал келесі күні оны жергілікті әскери полицейлер облыстық перзентхана маңынан ұстап алған.
Қашқын жауынгердің не себепті қашқаны және 1 апта бойы немен айналысқаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта «Батыс» аймақтық әскери прокуратурасының қызметкерлері оны Ақтауға қайтару мәселесімен айналысып жатыр.
Айта кетейік, әскерге биыл Қарағанды облысынан шақырылған Сергей Пыхалов 12-ші шілде күні ұшты-күйлі жоғалған еді. Сол күні Ақтаудағы № 1-ші емханадан медициналық тексерістен өтуге келген ол, дәретханаға барамын деп сұранып шығып, содан қашып кеткен.
«Қазір оны Ақтауға әкеле жатыр. Ал жауынгердің жасаған әрекеті – әкімшілік құқық бұзушылыққа жататын болғандықтан, соған сәйкес шара қолданылатын болады»,-деді 6656 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ринат Құсайынов
Оқи отырыңыз:
Қарағандыда дәрігерлердің екпесінен соң жаңа туған сәбидің жағдайы нашарлап кетті
ШҚО-да дауылдан шатыр астында қалған 82 жастағы қария көз жұмды
Жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшыға шұғыл түрде қан керек
12 жастағы Жәнелге бүйрегін берген ер адам өзін алдап кеткенін мәлімдеді