Ақтауда үш адамды өлімнен құтқардым деген сарбаз сот алдында жауап беріп жатыр

Сейсенбі, 22 Қараша , 2016 21:51

Ақтауда үш адамды өлімнен құтқардым деген сарбаз екі жарым айдан бері сот алдында жауап беріп жатыр. Оған қызметіне салғырт қарады деген айып тағылуда.

ккк

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Былтыр «Орталық-2015» әскери жаттығуында Каспий теңізінде төрт «БТР 80» көлігі суға батып кеткен еді. Техника ішінде болған 4 адам қайтыс болды. Ал қазір істі болып жатқан Ерасыл Көбеген сол кезде өз экипажын ажалдан аман алып қалдым дейді. Ол екі адамды құтқарып, үшіншісін жағада тұншығып қалған жерінен дем беріп, аман алып қалғанын айтады. Алайда басымды қатерге тіктім деген азамат, ақыры өзімнің  үстімнен іс қозғалды деп қынжылып отыр.

“Жеке құрамды алып қалуға барлық амалдар жасадық. Ол кезде бәрі аман-есен бітті. Әрі қарай следствие кезінде бізге айтты: «Все сізге нормально болады, жүре беріңдер», – деді. Сонымен сот басталды. Екі жарым айдай болып қалды. Құдай қаласа 1-2 аптада біту керек уже. Аз қалды. Сол біткенін тосып жүрміз. Әзірге қалай бітетінін білмейміз. Енді жақсы жағынан бітеді деп үміттенеміз”, – дейді айыпталушы сарбаз Ерасыл Көбеген.

Ерасылдан бөлек істі болып жатқан тағы бес адам бар. Оның бірі сарбаз. Оған да қызметіне салғырт қарады деген айып тағылды дейді. Сондай-ақ, төрт  лауазым иесін де сот жауапқа тартып жатыр. Оларға ешқайда шықпау туралы қолхат берілген.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте зейнетақысын ала алмаған Назарбаев ақсақал қайыр сұрап күнелтіп жүр

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Көшеден ақшасы бар әмиян тауып алған азамат иесін іздеп жүріп қайтарып берген

Мұхамедиұлы: Мен не үшін отставкаға кетуім керек, шындық үшін күрескенім үшін бе?

Алматыда жезөкшелерге көмектескен полицейді түрмеге жапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
18 күні 2 сағат кері

Адамды ажалдан,олим аузынан алып калгагдарды да соттайма о тобаа не болып бара жатыр мына заман.енди буган карап ешким бир бирне комектеспиди ешким ешкимди олим аузнан алып калуга тырыспаиды.сотталып кетермиз деп

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар