Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда зорланған алты жасар қыз туралы жалған ақпарат таратқандарды полиция жазалайды

Ақтауда зорланған алты жасар қыз туралы жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

1401101682_big-un-copil-de-2-anisori-s-a-intoxicat-cu-alcool-2

Фото: vzglead.md

Бұл туралы “Лада” басылымы хабарлайды.

Бұған дейін Маңғыстау облыстық әкімдігі педофил туралы ақпарат білген адамға үш миллион теңге көлемінде сыйақы беретіндіктерін мәлімдеген болатын. Өткен сейсенбіде полиция зорлау ісіне қатысты күдіктілерді ұстағанын мәлімдеді.

“Бұл іс бойынша үш адам ұсталды. Олар күдікті мен оның отбасы туралы жалған ақпарат таратқан. Дәлелдер алынып, сотқа дейінгі тексеру басталды”, – деді облыстық ІІД басшысы Қайрат Дәлбеков.

Сондай-ақ, қызды зорлаған күдіктіні полиция өз күштерімен ұстағандығы себепті, тағайындалған сыйақы ешкімге берілмейді. Дәлбеков ұсталған күдіктінің бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрмағанын да айтты.

“Оның ақыл-есінің дұрыстығына қатысты қажетті сараптама тағайындалды”, – деді өңірдегі полиция басшысы. Оның айтуынша, ұсталған күдікті 1984 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны екен. Бұрын сотталмаған. Ол өз кінәсін толықтай мойындаған. Оның қызды зорлағаны туралы нақты дәлелді молекулярлық-генетикалық сараптама анықтайды.

Ал, бүлдіршіннің өзі мүгедек болып қалуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, ойын баласының миы қатты шайқалған. Әлі есін білмейді. Кішкентай қыз қазір Астанадағы Ана мен бала ғылыми орталығында жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулығын елордалық дәрігерлер күні-түні бақылауда. Бірақ бұдан  қыздың беті бері қарайтын түрі жоқ.

Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны  белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы бетте табылған. Ол жереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге сыйақы тағайындағаны хабарланған еді.  Кейінірек қызды зорлаған күдіктінің ұсталғаны хабарланғанымен, оның қылмысқа нақты қатысы бар екені расталмады.

Талқылау