Ақтауда зорланған 6 жасар қызды ата-анасы Үндістан мамандарына емдетпек

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 12:32

Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың ата-анасы емдеу әдісі медицинада мойындалмаған үндістандық мамандардың көмегіне жүгінгісі келеді.

20161006112055

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Кішкентай қыздың жағдайы өте ауыр. Әлі аппаратпен жатыр, оң өзгерістер жоқ. О баста айтылғандай, ми бағанына жасап жатқан ем еш әсер етпеуде. Енді ата-анасы Үндістаннан бір мамандарды әкелсек дейді. Бірақ, олардың ұсынып отырған емдеу әдісі медицинада мойындалмаған, тиісінше Қазақстанда тіркелмеген. Қазір осы мәселе туралы министрлікпен ақылдасу шарасы жүріп жатыр”, – деді “University Medical Center” корпоративтік қорының PR-менеджері Данияр Меңлібеков.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Ақтауда алты жасар қыз жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапты. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, оған ыстық өткен және денесінде көптеген жарақат бар. Дәрігерлер зорлау фактісін қуаттады, ҚР ҚК 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

27 тамызда алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілді. 6 қыркүйекте Ақтау полицейлері 6 жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу мәліметінше, оның қызды зорлағанын генетикалық сараптама да растап отыр.

Бүлдіршін қыз Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының балалар анестезиологиясы және жан сақтау бөлімінде жатыр. Невролог, балалар гинекологы, пульмонолог, окулист, нефролог, эндокринолог, хирург сияқты бейінді мамандардың қатысуымен бірнеше мәрте консультация ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, телемедицина арқылы Кембридж университеті (Ұлыбритания) және Вена университетінің (Австрия) профессорларымен кеңес өткізілген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар