Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жүргізуші атқа мінген балаларды қағып кетті. Оқиғаның видеосы пайда болды (видео)

Желіде көліктің атпен шауып келе жатқан балаларды қағып кеткен сәтінің видеосы пайда болды. Белгілі болғандай, оқиға Ақтау қаласында орын алған.

Ақтауда жүргізуші атқа мінген балаларды қағып кетті. Оқиғаның видеосы пайда болды (видео)

«ИнАктау» сайтының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 7 маусымда қалада орын алған. Куәгерлердің сөзінше, көлікті тізгіндеген әйел адам ұялы телефонына қарап отырып, екі бала мінген аттарды байқамай қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем балаларды ауруханаға алып кетті.
«Ақбота» саябағында жұмыс істейтін аттардың иелерінің сөзінше, жануарлар үркіп, саябаққа қарай шауыпты. Олар да жарақаттанған екен.  

 

Полицейлер аталған деректі тіркеді. Іс материалдары сотқа жіберіледі.

Талқылау