Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жол полицейі өзін видеоға түсіріп, интернетке салған жүргізушіні сотқа берді

Ақтауда жол полициясы қызметкері жүргізушіден өзін бейнероликке түсіріп, ғаламторға салғаны үшін 500 мың теңге моральдық шығын талап етуде.

Жол полициясы жүзгізушіден ғана емес, жазба жарық көрген автомобильшілердің сайтынан да миллион теңге өндіріп алмақшы, деп хабарлайды КТК.

Және  бейнежазба ғаламтор желісіне шыққаннан кейін жол сақшысының абыройына нұқсан тиген. Сол үшін  жүргізушіден моральдық шығынды өндіріп беру туралы сотқа шағым түсірген.

-Ғаламторға бейнероликті салған мен емес. Мен тек адамдардан осындай жағдайда қалай әрекет етуім керектігі туралы кеңес сұрадым. Ал оны нақты қайсысы ғаламторға салғанын білмеймін, – деді жүргізуші Мирбек Кенжебаев.

 Қыркүйек айында жол полициясының қызметкері Мирбектің көлігін тоқтатып, машинаның жарығын қоспағанын айтады. Алайда жүргізуші ол көліктің жарығы жағулы болғанын айтады. Бірақ жүргізуші мен инспектор ортақ шешімге келе алмаған. Екеуара дауды  кездейсоқ куәгерлер де тарқата алмаған. Сөйтіп тәртіп сақшысы он мың теңге көлемінде айыппұл салады. Ал бейнежазба желіге түскен жол полициясының қызметкері күлкіге алынды. Оның мүддесін басшылығы қорғап отыр.

-Қызметкерімізді, әрине, қолдаймыз. Соттан қажет деп арнайы шақырту келетін болса, барамыз. Ішкі істер департаментінде арнайы юрист бар. Осы қызметкерлерді қорғау бойынша.., – деді Маңғыстау облыстық ӘПБ Жол-патрульдік полиция батальонының командирі Білімғали Сұлтанов.

Инспектор осы бейнежазба жарияланған сайттан да инспектор 1 млн теңге, жүргізушәден 500 мың теіге өнідіріп алмақшы. Өйткені бейнероликке онда «соқыр және топас жол полициясы» деген тақырып беріліпті.

«ОСА» қоғамдық білестігімен соттасу үшін жол-патрульдік полициясының Қарағандыға баруына тура келеді. Себебі ұйым сонда тіркелген. Жол сақшысы жарты миллион теңге өтемақыдан өзге жүргізушінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кешірім сұрап,

Талқылау