Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жол апатына түскен жүкті әйел баласынан айырылды

Маңғыстау облыстық ауруханасына жол апатына түскен жүкті әйел жеткізілді. Ол қазір кардиологиялық орталықтың жансақтау бөлімінде.

ывыв

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Әйелдің жағдайы ауыр, тұрақты. Оның жүктілігіне 28 апта болған. Әйелдің қолы, аяғы сынған, гипс салынды. Көк бауырын алып тастауға тура келді, қанкөп кеткендіктен бала іште қайтыс болды. Баланы да алып тастадық. Оның құрсақ қуысы ашылды, көкбауырын алып тастадық. Жағдайын тұрақтандырдық. Науқас өзі тыныс алып жатыр”, – деді кардиоорталық басшысы Ж. Қозыбаев.

1985 жылы туған әйел 19 тамызда Ақтау қаласының 28 шағын ауданында жол апатына түсті. Апат кезінде жанында 6 жастағы қызы болған. Ол басы жарылып, балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір қыз травмотология бөлімшесінде жатыр.

Талқылау