Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда мәртебелі меймандардың келуіне орай тіпті асфальтты жуып, жалтыратып қойған

Ақтауда Каспий маңы елдері басшыларының бесінші саммитіне дайындық жүріп жатыр. Әуежай қазірдің өзінде бірінші VIP жолаушыларды қабылдауда. Қалада тіпті арнайы құралдармен асфальтты жуып, көшелерді жалтыратып қойған. Жексенбі күні Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан және Иран президенттері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоятын болады, деп жазады Stan.kz  КТК арнасына сілтеп.

Ақтауда жоғары лауазымды қонақтардың келуіне орай тіпті асфальтты жуып, жалтыратып қойған

Осы жексенбіде Ақтауда Каспийдің тағдыры шешіледі. Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша Әзірбайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан президенттері теңіз мәртебесі туралы конвенцияға қол қою үшін саммитке қатысады. Құжат Каспий маңы елдерінің өзара әрекеттесуінің негізгі қағидаттарын айқындайды және дау-дамай мәселелерін нақтылайды. Оның ішінде ең бастысы – су айдынын анықтау. Аталған тарихи кездесу Ақтаудағы Достық үйінде өтеді. Мұнда жоғары лауазымды қонақтарды қабылдауға бәрі сақадай-сай дайын тұр.

Ақтаулықтар маңызды кездесуді өткізуге жаз бойы дайындалды. 16,5 шақырым болатын орталық жолдарды ауыстырудың өзіне 2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Сондай-ақ, шенеуніктер 823 миллионға жуық теңгеге көшелерді безендіру үшін гүл сатып алды. Маңызды қонақтардың келуіне орай, қалада велосипед тұрағы және шағын аудандардың бағыттарын көрсететін белгілер орнатылды. Тіпті, ғимараттардың қасбетін қайта бояп, жолдағы белгілерді жалтыратып жуып қойған.

Ақтауда жоғары лауазымды қонақтардың келуіне орай тіпті асфальтты жуып, жалтыратып қойған

Бірақ басты тосынсый президенттер баратын жағалауды көріктендіру болды. Бес елдің басшылары жаңа салынған тау жотасына өтіп, Ақтауда өсірілген бекірелерді теңізге жіберіп, амфитеатрды да тамашалайды. Жоспар бойынша нысан бір жылда тұрғызылуы керек болатын, бірақ ол екі айда жүзеге асырылды.

«Яғни құрылыс алаңындағы адамдардың жалпы саны ең көп дегенде 490 адамды құрады, бұл үш апта бұрын болды. Негізінен тастарды төсеу қиындық тудырды. Бірақ оны қойып үлгердік. Бір жарым екі айда 48 мың шаршы метрге тас төседік»,-дейді Ақтау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы Дәлер Нұрыллаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау