Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жезөкшелер клиентке таласып көшенің ортасында төбелесті

Ақтауда жеңіл жүрісті төрт қыз көшеде төбелесті. Сенімді дерек көздерінің хабарлауынша, олар клиентті өзара бөлісе алмай бет жыртысқан.

23bc7d326c0d2fdc70bbe2921563ec38_XL

Сурет bryansktoday.ru

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Оқиға өткен жексенбіде кешкі уақытта болған. Үш қыз 4 ықшам ауданда жағалауда серуендеп жүрген кезде олардың жанына Infiniti маркалы көлігі келіп тоқтайды.

Ер адам ең әдемі қызға көлікке кіруін сұрайды. Осы кезде тағы екі қыз пайда болады. Олармен әлгі үш қыз ұрсыса бастайды. Бір қыз бірден қашып кетіп, ал қалған төртеуі төбелесті бастап жіберген. Қымбат көлік мінген ер адам да оқиға орнынан кетіп қалған.

Оқиғаның мәнісін анықтау үшін әйелдер полиция басқармасына жеткізілген. Оқиғаның басқа қыры әзірге белгісіз.

Талқылау