Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық бойжеткен шетелдік танысына газ баллонын шашып, 7 млн және 25 мың долларын алып кеткен

Ақтауда ұрлық жасаған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жас қыз көлікте отырған жерінде шетелдік танысының бетіне газ-баллонын шашып, ақшасы бар сөмкесін алып тайып тұрған.

gaz_v_harkovskoj_shkole_raspylili_sami_ucheniki_policiya_rassleduet_incident_kak_huliganstvo

22 жастағы қыз  7 миллион теңге, 25 мың долларды қолды қылған. Lexus көлігінің иесі, 48 жастағы ауған Пәкістан азаматы есін жиған соң дереу полицияға хабарласады.

Полицейлер аталған қылмысқа қатысты күдікті әйелді сол күні-ақ ұстаған. Ол алған ақшасын түгелімен арызданушыға қайтарып берді. Күдікті онымен бір жарым жылдан бері таныс екен.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Талқылау