Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жаңа туған нәрестені саудалағандарға қатысты сот үкімі шықты

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының акушері, қылмыс жасауға көмектескен заңгер мен делдал және сәбиді босанған келіншек 3 және 8 жыл аралығында жаза арқалады. Бұл туралы КТК хабарлайды.

4545

Ең қатаң жаза – 8 жыл босану бөлімінің жетекшісі Анаргүл Епеноваға кесілді. Тергеу мәліметі бойынша, дәрігер тұрмысы төмен келіншектерді сәбиін сатуға үгіттеген. Бала саудасын рәсімдеген заңгер болса, жеті жарым жылын түрмеде өткізеді. Ал, саудаға түскен сәбидің анасы 5 жылға сотталды. Алайда ол жазасын бір жыл кешіктіріп өтейді. Себебі, көкек ананың тағы да аяғы ауыр екен.

Сондай-ақ, сатып алушыны тапқан делдал әйел де жазасыз қалмады. Судья оны 3 жылға түрмеге жабу туралы үкім шығарды. Естеріңізге салсақ, сәбилерді саудаға салғандар тамыз айында әшкере болған еді. Полиция қызметкерлері шарананы бір жарым миллион теңгеге бағалаған адамдармен сатып алушы ретінде хабарласқан.

Сөйтіп, қылмыстық топты түгел қолға түсірген болатын. Тергеу кезінде 2 жағдай анықталды. Бірінде баланы сатпақ болса, екіншісінде олар ойын жүзеге асырып үлгеріпті.

Оқи отырыңыз:

Арман мен Ашаның қыздары кімге ұқсайды?

Серік Ибрагимов: Үйленгенін жасыратын әншілерді түсінбеймін

Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Мейрамбек пен Тоқтардың даусын айнытпай салған жігіт желіні шулатты (видео)

Талқылау