Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жалға беретін жылқы иелері малдарына қатыгездікпен қарап қорлаған

Ақтауда бірнеше жылдан бері жылқыны жалға берушілер жұмыс істеп келеді. Қазір үш адам жықылармен айналысады екен. Олар жылқылардың жем-шөбін дұрыс бермей, оларды тіпті дұрыс қора-жайларға да жайластырмаған.

4

Бұл туралы Тумба.кз хабарлайды.

Бұл оқиға осыдан бірнеше жыл бұрын болған. Наталья есімді әйел жылқы өсірумен айналысқан. Алайда, өкінішке орай ол кісі қайтыс болған. Жылқыларды сатып, не таратып жіберген көрінеді. Бірақ, балалардың жылқыға деген құштарлығы өшпеген болса керек.

3

Редакцияға 21 жастағы Олег есімді жігіт хабарласты. Ол 5 жылдан бері жылқы өсірмен айналысып келеді екен. Жылқылардың шөбін салып, суарып, емдеп жүрген. Тіпті, болашақта мал дәрігері болсам деген арманы да бар көрінеді. Олег жылқыларға қатысты адам сенгісіз жайттарды баяндап берді.

Ақтауда жылқыларды жалға беру ісімен 3 адам айналысады екен. Олар жылқылардың иелері.

5

«Мен бастапқыда Ольгада (есімі өзгертіліп берілді) жұмыс істедім. Бірақ, оның малдарға жаман қарайтынын байқаған соң, өзге адамға жұмыс істемек болдым.

Олегің айтуынша, Ольга жылқыларын саяжайда ұстайды. Ол жерде адам қарап тұра алмайтындай жауыздықтар болып жатады екен.

6

«Желтоқсан айының басында ол жерде Граф атты қара жылқы өліп қалды. Оған кешкісін жем-шөбін беруді ұмытып кеткен. Ертеңіне  де ештеңе берместен күні бойы мініп болдыртқан. Жылқыны міністен кейін ары-бері жүргізіп, демін басу үшін сәл уақыт тұрғызу керек болған. Олар олай істемей бірден жемін беріп, су ішкізген. Ол ашқарынға жеген соң, іші кебініп кетеді. Маған бұл жайлы айтқанда, мен мал дәрігерінің келуін күтейік дегенмін. Ол екпе салып берер еді. Бірақ, олар мені тыңдамастан жылқыны сойып алды».

7

Екі иесінде де жылқыларға арналған қора жоқ екен. Біреуінің жылқылары бұрынғы шошқа асыраған төбесі ашық қора екен.

«Ол жерде жылқыларға ешқандай жағдай жасалмаған. Жем-шөбін дұрыс бермейді. Малдардың барлығы арық».

«Жылқы қоралардың ішінде шұңқырлар көп. Оның ағасы қорадағы көңдерді қазып алып сатады. Қаза-қаза ол жердің суы шығып кеткен. Аттар сол сулы жердер тұрады. Капрал атты ақылды жануа болатын. Мені оның қорада тұрып су өткендіктен тұяғының ісіп кеткенін байқадым. Ольга жылқының аяғынан тұра алмай қалмайынша дәрігер шақырмауымды айтты. Бірақ,м мен мал дәрігерін шақыртып, жазып берген дәрісін өз ақшама сатып алдым. Үш күн дегенде жылқы аяғынан тұрды. Бірақ, 10 күндей екпе алу керек болатын».

Бірақ, иесі оны тезірек жұмысқа жегуге асықты. Ол өз жылқыларымен не істеу керек екенін өзі білетінін айтып, Олегтің араласпауын сұраған.

8

«Бірер апта бұрын жағалау маңында Зайсан атты жылқы күймені сүйрей алмады. Оны бәрінің көзінше аямай ұрды. Мен оған араша түспекші болып едім, менің өзімді балағаттап қуып жіберді. Мен жануарларға бұлайша қиянат көрсеткеніне шыдамай прокуратураға шағымдандым. Менің жылқының үстіне отырғаным үшін иесі мені қорқытып-үркітті. Кейіннен Маринаның (жылқылардың иесі) жігіті менің көшеде көріп, жұдырық астына алды. Әлі күнге дейін қорқытып келеді», – дейді Олег.

9081458

Жылқылармен айналыстан үшінші адам – Христина. Оның екі жылқысы бар екен.

«Жылқыларды асыраған соң, оған күтім жасау керек. Ол жылқыларын ай сайын 30 мыңға жем-шөбін алады екен. Одан бөлек емі үшін дәрі-дәрмек аламын».

Христина Ольганың кесірінен Жасмин атты жылқының қалай өлгенін айтып берді.

«Бірде қорада тұрған жылқыны үркітіп жіберген. Жасмин үркіп, қорадан секірмекші болады. Құлағандықтан артқы сүйек бөлігі сынып кеткен. Бір ай бойы аяғынан тік тұра алмай қалған. Ольга мұның кездейсоқ жағдай екенін айтып, кешірім сұраған. Мен оған сеніп, жылқыны жұмысқа жекпеуін сұрадым. Өйткені ол енді төлдей алмайтын еді. Бірақ ол жылқыға немқұрайлы қарағандықтан, Жасмин буаз болып қалған. Төлдейтін күні құлынын аяғынан тартып алған. Жасмин сол кезде қатты қиналып өліп кеткен, – деп жылады Христина.

9081460

Христина мен Олегтің телефондарына иелерінен қорқытулар жазылған хабарламалар келген. Бұл туралы полицияға да хабарланған. Алайда, олардың құқық қорғау органдарында таныстары боса керек, олар да белсенді тергеу жұмыстарын жасап жатқан жоқ. Аталған іс бойынша редакция Маңғыстау облысының ІІД хабарлайытын болады.

9

Қазіргі уақытта Ақтау қаласының прокуратурасы осы іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Талқылау