Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда эколог аққуларды тамақтандырмау жайлы жазылған тақташаны алып тастау керектігін айтты

«Қолдау-Қазақстан» жеке меншік ұйымының «Қолдау экология» мамандандырылған орталығының жетекшісі Әділбек Қозыбақов Ақтаудың 7 ықшам ауданы жағалауында қойылған тақтайшаны алып тастау керек деп есептейді.

1453365550.01.2016 003

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Тақтайшада аққуларға нан беруге тыйым салынатыны жазылған.

Экологтың айтуынша, аққуларға нан берудің ешбір зияны жоқ. Осы жазбадан соң, тұрғындар аққуларға нан қоқымын бермейтін болған.

«Бұл жабайы құстар адамдардың жанына аш болған соң, нан жеу үшін жақындайды. Оларға нан беруге болады. Тек, жаңа піскен қара нан бермесе болғаны. Бекерге халықты жаңылыстырмайық. Тақтайшаны ілген адамдардан, оны алып тастауын сұраймын», – дейді эколог.

Талқылау