Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық студенттер дипломдық жұмысты өздері жазбай сатып алған

Ақтау жоғарғы оқу орындарының бірінде жанжал шықты. Оған бірден 50 студенттің дипломдық жұмысын қорғай алмағаны себеп болған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

f9e91f1e740149bd11734d3fe6a30509

Көрнекі сурет: bnews.kz 

Диссертациялар Білім министрлігінен келген комиссияның көңілінен шықпай, күзде қайта тапсыруға жіберіпті. Студенттердің дипломдық жұмысты қорғай алмауының да себептері бар екен. Сөйтсе, оны ешқайсысы жаза алмай, сатып алған көрінеді.

Ақтаудағы гуманитарлық-техникалық университетінің бұл студенттері күні кеше көптен күткен дипломға қол жеткіздік деп ойлаған. Тіпті сауық кешіне қамданып та қойған екен. Бірақ тексеруге келген мемлекеттік комиссия бұл жоспардың тас-талқанын шығарды. Өйткені, студенттердің дипломдық жұмысы талапқа сай емес деп танылған.

-“Ішпей-жемей, киінбей еңбек етіп, осы балалар ертең қара жұмысшы болмасын, қолдарында диплом болсын деп оқытып жатырмыз. Бұл қалай болғаны, түсінбей отырмын. Еңбегіміз еш кетті ма, балаларымыз қаңғып оқыды ғой”, – дейді Рахаш Байтұрова.

Өз ғылыми жұмыстарын тек санаулы студент қорғай алыпты. Ал бірінші күні-ақ 50 дипломдық жұмыста кемшіліктер табылған. Олардың қатарында болашақ қаржыгерлер мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері бар. Студенттер университетте білімнің жоқтығынан диплом жұмысын ұстаздарынан сатып алғанын ашық айтып отыр.

-«Мынау дұрыс емес сатып алдыңдар дейді. Әрине, біз сатып аламыз. Бізде білім жоқ. Мына жақта дұрыс білім берген жоқ. Бізге бағыт-бағдар беретін ғылыми жетекші тағайындалған жоқ”, – дейді 4 курс студенті Жұпар Құлтаева.

-“Алматыдан келген комиссия мына дипломдарыңды қабылдамаймын, өтпейді деді. Алматыдағы университеттің магистратурасына түсетін болсаңдар мен қабылдаймын дипломды. Түспесеңдер қабылдамаймын дейді “, – деп ашынды 4 курс студенті Гүлнәр Тәжіқожаева.

Ашулы студенттер бүгін ректорды жағадан алуға дейін барды. Себебі, білім сапасына сол жауапты. Ал жұмыстарды бірінен соң бірін қайтарған комиссия мүшелері бұндай дайындықтағы болашақ мамандар үшін жауапкершілікті өз мойнына алғысы жоқ.

 

Дегенмен студенттерге өз кемшіліктерін түзеуге күзге дейін уақыт берілді. Тек енді дипломдық жұмысты болашақ ұстаздар мен қаржыгерлердің өздеріне жазуға тура келеді.

Талқылау