Ақтауда тұңғыш рет Қазақстан әскери-теңіз күшіне арналған кеме тұрағы салынбақ

Бейсенбі, 24 Желтоқсан , 2015 14:05

Алғаш рет Қазақстан Республикасының әскери-теңіз күштеріне арналған тұрақ жанар-жағармай материалдарын тасу кезінде сынған кемелерді техникалық түрде орнықтыру үшін қолға алынып отыр.

10600233

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әскери-теңіз тұрағы 2016 жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс. Мәліметтерге сүйенсек, Ақтау халықаралық теңіз сауда портында қолға алынған кеме қоюға арналған теңіз тұрағының құрылысы осы жылы басталды. Қазіргі уақытта кемелер әскери-теңіз базасынан 140 шақырым қашықтықта орналасқан Баутино ауылында жалға алынған тұрақта жайғастырылған.

Айта кетейік, кеме тұрағының құрылысын Ақтау портының аумағына қарасты 1,2 гектар көлемде “Әскери-Құрылыс” АҚ атқарып жатыр. Бүгінгі күні су аудандары мен материалдармен жабдықталған қабырғалар 100 % сынақтан өткізілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар